Астана қаласы әкімдігінің "Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы" МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді. 2026 жылғы маусым-шілде айларында өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама жария талқылауға шығарылады. Мүдделі тұлғалар талқылауға қатысуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынуға құқылы. Талдамалық анықтамамен кәсіпорын сайтында талқылау өткізілетін күнге дейін танысуға болады. Талқылау күні: 2026 жылғы 13 шілде сағат 16.00-де, Астана қаласы, Тұран даңғылы,2/6 мекенжайы бойынша. Қосымша ақпарат алу үшін, сондай-ақ жария талқылауға қатысуға ниет білдірушілер мына телефон арқылы хабарласа алады: 7 7474632920. "Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы" МКҚК Комплаенс-офицері Түсіпбаева Айгүл Жұмажанқызы.


