Астана қаласы әкімдігінің "Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы" МКҚК
Ресми интернет-ресурс

Астана қаласы әкімдігінің «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 Үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 12 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы» МКҚК қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізіледі.

СЖТІТ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  • Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылғы 6-8 шілде аралығында өткізіледі.

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытынды нұсқасын хабарлау 2026 жылғы 10 шілдеге дейін жоспарлануда.

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытынды нұсқасы бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Кәсіпорын қызметінде СЖТІТ жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (747) 4632920 (комплаенс-офицер Түсіпбаева Айгүл Жұмажановна).